Қарағандыда 5 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген өзге ел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 қарашада Қарағанды қаласының патрульдік полиция полкінің жаяу жасағы күдікті адамды байқаған.
«Деректер базасын тексеру кезінде 41 жастағы ұсталған адамның бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. 2019 жылы көлік жүргізу кезінде ол жол ережелерін бұзып, адам денсаулығына ауыр зиян келтірген. Іздестірудің бастамашысы - Татарстан Республикасының Ішкі істер министрлігі болды», делінген хабарламада.