• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2024

Дін тақырыбында мамандарға арналған семинар өтті

124 рет
көрсетілді

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Биылғы жылдың 31 қазан – 1 қарашасында Тараз қаласындағы «Ark MS» қонақ үйінің мәжіліс залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен және «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті.

Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының  мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының PhD докторы Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы  және дінтанушы, исламтанушы, PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Абылов Тұңғыш Талғатұлы дәріс оқыды.

Бауыржан Қуанышбайұлы  «Дәстүрлі исламның құндылықтары» тақырыбында  жаһандық жағдайдағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздеріне тоқтала отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, принциптерін қатысушыларға түсіндірді. Сондай-ақ «Қазақ хандығы мен егемендіктен кейінгі елдегі діни ахуал» тақырыбында семинардың бірінші күнін аяқтады.

Тұңғыш Талғатұлы  «Исламдағы жаңа ағымдар: негізгі сипаттамалары мен идеологиялық ерекшеліктері» тақырыбы аясында тыңдаушыларға діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ «Қазіргі исламдағы дәстүршіл және модернистік ағымдардың идеялық бастаулары» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отырып, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.