• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2024

Теологтар діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинар өткізді

115 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында 28 қазан – 1 қараша аралығында, жастар арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған шараға  Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы қолдау көрсетті. 

Іс-шараларға РАТТ мүшелері   Шығыс Қазақстан облысы, «Дін зерттеу орталығы» теолог мамандары Назарбеков Ринат Тоқтамысұлы мен Қанапиянов Ернұр Болатбекұлы, Абай облысы, «Дін зерттеу орталығының» директоры Өмірханов Мақсат Ерланұлы және Астана қаласы, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы», бас сарапшысы  Жақиянов Дулат Жардемқұлұлы қатысты.

Шара барысында Өскемен, Риддер қалалары, Ұлан, Глубокое  және Зайсан аудандарының тұрғындарымен, студенттермен, әскери сарбаздармен, жастармен және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді. Кездесуде «Қазақстандағы дәстүрлі ислам: ерекшеліктері мен құндылықтары», «Деструктивті діни ағым идеологиясының қаупі», «Радикалды идеялардың әсерінен қалай қорғануға болады», «Интернет кеңістігіндегі манипуляциялар және оларды бейтараптандыру әдістері», «ДРТ диалогтары – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп» және т.б. тақырыптар аясында ой өрбітілді.