• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2024

Жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлене ме

96 рет
көрсетілді

«Amanat» партиясының депутаты  Айдос Сарым Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Айдос Сарым министрдің жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру туралы ұсынысы үлкен алаңдаушылық тудырғанын айтты.

«Бұл шара құқыққа кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді. Зейнеткерлікке шығу  азаматтарымыз үшін өлім жазасы емес. Әрбір Қазақстан азаматы зейнеткерлік жасқа жеткенде де адал еңбек етуге құқылы, әйтпесе кәсіби мұғалімдердің, дәрігерлердің және басқа санаттағы мамандардың тапшылығына байланысты мәселелерді қалай шеше аламыз?», деді депутат.

Депутаттың айтуынша Қазақстан экономиканың барлық салаларында және секторларында өткір кадрлық дағдарысты бастан кешіріп жатыр және бұл дағдарыс жұмыс орындарының жетіспеушілігімен емес, біліктіліктің еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмеуімен байланысты.

«Мәселен, enbek.kz Еңбек биржасының мәліметі бойынша, 4 қарашадағы жағдай бойынша 53 826 бос жұмыс орны болса, оның ішінде 13 356 жұмыс өтілі талап етілмейді. Басқа жұмыс іздеу платформасы Head Hunter (hh.kz) 47 946 бос жұмыс орнын қамтиды. Тағы бір тенденция бар – жұмыс күшінің Қазақстаннан шетелге кетуі. Бұл үрдістер жұмыс орындарының жетіспеушілігінен емес, төмен жалақы және тартымсыз жұмыс жағдайларына байланысты», деді Айдос Сарым.

Халық қалаулысы талап етілмеген бос орындардың болуы екі ірі еңбек биржасындағы және кадрлардың республикадан тыс кетуі қазіргі еңбек ресурстарын дамыту жүйесінің құрылымдық кемшіліктерін көрсететінін мәлімдеді.

«2021 жылы ЭЫДҰ әдістерін қолдана отырып жүргізілген жұмыс күшінің дағдыларын талдау үш есе айырмашылықты көрсетті. Атап айтқанда жас және аға буын арасындағы дағдыларды. Бұл жаңа қызметкерлердің бұрынғыларға қарағанда біліктілігі төмен болуы мүмкін деген қауіптерді білдіреді. Біліктілікті талдау ұрпақтар арасындағы айтарлықтай алшақтықты анықтады, бұл еңбек нарығы үшін қосымша тәуекелдерді тудырады. Қалыптасқан проблемалар елдегі кадрлар даярлау жүйесін терең реформалау және еңбек жағдайын жақсарту қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай бастамалар ұрпақ арасына алауыздық тудырып, зейнеткерлерді жастарға қарсы қоюда. Зейнеткерлер жастардан жұмыс орындарын тартып алады деген түсінік жастар арасында, конструктивті емес», деді депутат.

Еңбек министрлігінің 2015 жылғы асығыс шешімі  зейнеткерлерді жұмыстан шығаруды заңдастыру халықаралық еңбек стандарттарына қайшы келетінін, ол жас бойынша кемсітушілікті заңдастырып, шенеуніктердің, әсіресе зейнеткерлердің құқықтары сияқты нәзік мәселелерге негізделген шешім қабылдауға дайын еместігін көрсететінін айтқан депутат осыған байланысты алдағы уақытта әлеуметтік шиеленіс тудыратын мәлімдемелерден аулақ болуға шақырды.

«Өз тарапынан «АМАНАТ» фракциясы диалогқа ашық және қоғам үшін осындай нәзік мәселелер бойынша негізделген шешімдер қабылдау үдерісінде ынтымақтастыққа дайын», деді  Айдос Сарым.