• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2024

Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау семинары өтті

83 рет
көрсетілді

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ақтөбе облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жылдың 4-5 қарашасында Ақтөбе қаласындағы C2 коворкинг орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті.

Іс-шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері –Педагогика және дінтану маманы Жакиянов Дулат Жардемкулович және дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы семинар оқыды.

Жакиянов Дулат Жардемкулович «Діни ахуалды мониторинг және талдау мәселелері» тақырыбында  жаһандық жағдайдағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін тоқтала отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, принциптерін қатысушыларға түсіндірді.

Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым қатынасының негізгі принциптері» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар берілді.