• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қараша, 2024

Балуандар Астанада белдеседі

48 рет
көрсетілді

8-10 қараша аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық, жа­уынгерлік самбодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Көптеген мемлекеттің ұлттық құрамалары бақ сынайтын аса жауапты жарыста барлығы 31 жүлде сарапқа салынады. Осы дүбірлі дода қарсаңында аталған спорт түрінің тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.

Кеңес одағы дәуірінде даңқты Жаңаарқа кү­рес мектебінің тү­легі Қанат Байшолақовтың (48 кг) есімі ерекше құрметпен аталатын. Осыдан тура 40 жыл бұрын, яғни 1984 жылы Испанияның астанасы – Мадридте өткен әлем чемпионатында ол бас жүл­­дені қанжығасына байлады. Осылайша, Диқанбай Биткөзов пен Марат Жақитовтың шәкірті қазақ самбошылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпио­ны ретінде тарихта қалды. Арада бес жыл өткеннен кейін Қа­наттың ерлігін Асқар Шай­хиев (48 кг) қай­талады. Батыр Қуанышевтан тәлім-тәрбие алған Оралдың оғы­ланы 1989 жылы АҚШ-тың Уэст-Ориндж қаласында алтын тұ­ғыр­дан қол бұлғады. Ал Жаңа­ар­қаның тағы бір тумасы Сергей Воло­буев (74 кг) күміс медальды мойнында жарқыратты.

1992 жылдан бері еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде өз туының астында өнер көрсете бас­тады. Сол кездері самбо күре­сінің басы-қасында жүрген азаматтар арасында жік шығып, екіге бөлінді. Әрқайсысы феде­рация құрып, әлемдік доданы жеке-жеке өткізді. Еліміз Бе­ларусьтегі бәсекеге бағыт алды. Минскіде самбошыларымыз алты жүлде олжалады. Ержан Иман­жүсіпов (48 кг) пен Сәлкен Жартыбаев (68 кг) күміспен күптелсе, Жанат Байшолақов (62 кг), Людмила Симутина (44 кг), Айсара Керімбекова (48 кг), Сәу­ле Ғабдуллина (56 кг) қолаға қол жеткізді.

 

Одан кейінгі әлем чемпио­нат­тарында жүлде алған ел самбошылары:

1993 ж., Омбы (Ресей). Бауыржан Садыханов (52 кг) – алтын; Ғалымжан Сапар­ғалиев (48 кг), Руслан Сейілханов (82 кг) – кү­міс; Ғалымжан Жылкелдиев (57 кг), Сәлкен Жартыбаев (68 кг) – қола.

1994 ж., Нови Сад (Югославия, Сер­бия). Ғалымжан Сапарғалиев (48 кг), Ға­лымжан Жылкелдиев (57 кг), Зекен Шәй­мерденов (62 кг), Сәлкен Жартыбаев (68 кг), Руслан Сейілханов (82 кг) – қола.

1996 ж., Токио (Жапония). Сәуле Ғабдуллина (56 кг) – алтын; Мағрипа Әбі­ше­ва (52 кг) – күміс; Қорған Тұрымбетов (52 кг), Берік Жетпісбаев (62 кг), Жамал Бозова (80 кг) – қола.

1997 ж., Тбилиси (Грузия). Дінмұхамед Мүсірәлиев (74 кг) – қола.

1998 ж., Калининград (Ресей). Қоныс Жетпісов (52 кг) – күміс; Асхат Шахаров (68 кг), Сәуле Ғабдуллина (56 кг) – қола.

1999 ж., Хихон (Испания). Қоныс Жетпісов (52 кг), Асхат Шахаров (68 кг) – кү­міс; Раиса Баялиева (64 кг), Алмагүл Кашина (80 кг) – қола.

2000 ж., Киев (Украина). Асхат Шахаров (74 кг) – алтын; Дінмұхамед Мүсірәлиев (82 кг), Раиса Баялиева (64 кг) – қола.

2001 ж., Красноярск (Ресей). Қоныс Жетпісов (52 кг) – алтын; Сәуле Ғабдуллина (56 кг) – күміс; Жанар Дүйсекенова (52 кг), Ал­­магүл Кашина (+80 кг) – қола.

2002 ж., Панама. Дінмұхамед Мүсір-әлиев (82 кг), Алена Середа (60 кг) – күміс); Татьяна Шишкина (48 кг), Мұрат Досанов (52 кг), Ай­бек Атажанов (62 кг), Асхат Шахаров (74 кг), Расул Үсенов (90 кг) – қола.

2003 ж., Санкт-Петербург (Ресей). Бір­лес Есенғалиев (52 кг), Марат Таханов (57 кг), Қайрат Күнсафин (68 кг) – қола.

2004 ж., Кишинев (Молдова). Асхат Шахаров (74 кг) – алтын; Бірлес Есенғалиев (52 кг), Меңдіхан Жәкенов (57 кг) – қола.

2005 ж., Астана (Қазақстан). Асхат Шахаров (74 кг) – алтын; Дидар Мол­дағалиев (57 кг), Арсен Хатип (68 кг), Жұлдыз Айтма­ғамбетова (72 кг) – күміс; Тимур Оңдағанов (62 кг), Дін­мұхамед Мүсірәлиев (82 кг), Кел­бет Нұрғазина (48 кг), Раиса Бая­лиева (60 кг), Динара Ораз­бекова (80 кг), Алмагүл Кашина (+80 кг) – қола.

2007 ж., Прага (Чехия). Раиса Баялиева (60 кг) – алтын; Ерболат Байбатыров (52 кг), Азамат Мұқанов (62 кг), Асылбек Әлкей (68 кг) – қола.

2008 ж., Санкт-Петербург (Ресей). Ерболат Байбатыров (52 кг) – алтын; Келбет Нұрғазина (48 кг) – күміс; Азамат Мұқанов (62 кг), Ленария Меңғазова (52 кг) – қола.

2009 ж., Салоники (Грекия). Ерболат Байбатыров (57 кг), Дәурен Жайнақов (57 кг) – алтын; Арман Сәрсенбин (68 кг), Қалжан Тай­жанова (68 кг), Әлия Жылқыбаева (72 кг) – күміс; Азамат Мұқанов (62 кг), Асылбек Әлкей (68 кг) – қола.

2010 ж., Ташкент (Өзбекстан). Ерболат Байбатыров (52 кг), Азамат Мұқанов (62 кг) – алтын; Әлия Жылқыбаева (72 кг) – күміс; Арсен Хатип (68 кг), Саят Шәмшиев (82 кг), Ленария Меңғазова (52 кг), Әлмира Иса­таева (64 кг), Анар Сейтімова (+80 кг) – қола.

2011 ж., Вильнюс (Литва). Ерболат Байбатыров (57 кг) – алтын; Медет Оңдағанов (52 кг) – күміс; Асылбек Әлкей (68 кг), Рау­шан Алысбаева (56 кг) – қола.

2012 ж., Минск (Беларусь). Асылбек Әлкей (68 кг), Қалжан Тайжанова (72 кг) – күміс; Кенжезәру Қашқынова (48 кг), Ділбар Өмірәлиева (68 кг), Ерболат Байбатыров (57 кг), Бағдат Жарылғасов (62 кг), Азамат Мұ­қанов (68 кг) – қола.

2013 ж., Санкт-Петербург (Ре­сей). Алмас Сүлейменов (52 кг), Ділдәш Құрыш­баева (68 кг) – қола.

2014 ж., Нарита (Жапония). Гауһар Тұрмаханова (52 кг) – алтын; Ділдәш Құ­рыш­баева (68 кг) – күміс; Есет Қуанов (62 кг), Асылбек Әлкей (74 кг), Еділ Үсенов (+100 кг) – қола.

2015 ж., Касабланка (Марокко). Бейім­бет Қанжанов (52 кг) – алтын; Айгүл Бай­құлова (48 кг), Гауһар Тұрмаханова (52 кг) – күміс; Есет Қуанов (62 кг), Ділдәш Құрыш­баева (68 кг) – қола.

2017 ж., Сочи (Ресей). Есет Қуанов (52 кг) – алтын; Бейімбет Қанжанов (52 кг), Әлібек Зе­кенов (90 кг) – күміс; Гүлнұр Ерболова (52 кг), Аи­да Карчаева (56 кг) – қола.

2018 ж., Бухарест (Румыния). Нұрбол Серіков (68 кг) – алтын; Гүлнұр Ерболова (52 кг) – қола.

2019 ж., Сеул (Оңтүстік Корея). Бо­латбек Райымқұлов (52 кг), Ділдәш Құрыш­баева (68 кг) – күміс; Рахат Жаңаниет (62 кг), Динара Жұмабаева (60 кг), Ажар Салықова (64 кг) – қола.

2021 ж., Ташкент (Өзбекстан). Рахат Жаңаниет (64 кг), Гүлжанат Алмұханбетова (54 кг) – алтын; Ажар Салықова (62 кг), Діл­дәш Құрышбаева (68 кг) – күміс; Болатбек Райым­құлов (58 кг), Айдын Дартаев (79 кг) – қола.

2022 ж., Бішкек (Қырғызстан). Қайыр­берді Айдынбай (58 кг) – күміс; Арнұр Қуантай (71 кг), Гүлжанат Алмұханбетова (54 кг), Ділдәш Құрышбаева (68 кг), Арайлым Әбенова (+80 кг) – қола.

2023 ж., Ереван (Армения). Арайлым Әбенова (+80 кг) – алтын, финалда Орын­бордың қазағы Жанар Құсанованы жеңді; Еламан Қойшыбаев (88 кг), Маргарита Ба­жаева (50 кг) – күміс; Арнұр Қуантай (71 кг), Әлібек Зекенов (98 кг), Гүлжанат Алмұхан­бетова (54 кг), Шынар Абатова (78 кг) – қола.