• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 07 Қараша, 2024

Малсақ қауымның мұраты

151 рет
көрсетілді

Төрт түлік мал өсірген малсақ қауым азық-түлік молшылығын жасауға үлесімізді қоссақ дейді. Оған жыл он екі ай бейнетін белден кешкен бар шаруа нәтижелі болуы керек. Яғни мал өнімдері өңделіп, тұтынушыларға жетсе – еңбектерінің жанғаны.

Биыл жеті бірдей тауарлы сүт фермасы ұйымдастырылмақ. Әзірге екі ферма толық жұмыс істей бастады. Ақкөл ауданында үш ірі тауарлы сүт фермасы мен бір шаруа қожалығы сүт өндіріп жатыр.

Халық бірді-екілі мал баққанымен, игілігін көру қиын болып келген. Малсақ қауым малының төлін сатып қана табыс табатын. Ал сауылған сүтті өткізетін жер жоқ. Енді, міне, тәп-тәуір табысқа кенелмек. Аудандағы ет өндірумен айналысатын 12 ауыл шаруашылығы құрылымы биыл 296,1 тонна тірідей салмақта мал тапсырды. Қарасай селолық округінде 2 ет бағытындағы ферма ұйымдастырылды. Екі шаруашылық өз қаражатына 75 бас ірі қара сатып алды.

Еңбек селолық округінде тауарлы сүт фермасының құрылысы қолға алынды. Онда 800 бастан астам сиыр сауылмақ. Ферманың инженерлік инфрақұрылымы іске қосылған. Электр қуаты тартылған. Шаруашылық басшылары өз қаража­ты есебінен қыруар іс тындырыпты. Мем­лекеттің қолдауы өз алдына. Жаздың күні Даниядан 272 бас голштин тұқымды қара мал мен шет елден өнімділігі жоғары тағы бір табын ірі қара сатылып алынады. Жұмыстың тиімділігі үшін жоғары сапалы неміс құрылғылары орнатылған.

Тауарлы сүт фермасының жобасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қолға алынып отыр. Кәсіпорын осы бағ­дарлама шеңберінде жеңілдетілген не­сие алған. Бұл да жұмыс істеймін деп жа­нып тұрған кәсіп иелеріне көп-көрім қолдау. 

 

Ақмола облысы,

Ақкөл ауданы