• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 07 Қараша, 2024

Ләззат Сүйіндік ОСК мүшесі болып тағайындалды

148 рет
көрсетілді

Сенаторлар Ләззат Сүйіндікті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі етіп тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сенат отырысында депутаттар осыған дейін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында осы мәселені талқылап, Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне Ләззат Сүйіндіктің кандидатурасын қолдады.

Ләззат Сүйіндік Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде білім алған.

Байланыс саласында үлкен тәжірибесі бар, ақпарат министрлігі мен «Хабар» агенттігінде ұзақ уақыт жауапты басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатқан еді. Сонымен қатар, Сенат ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың өкілеттігін тоқтатты.