• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Алматы 07 Қараша, 2024

Алматыда жаңа бейнекамералар арқылы қауіпсіздік күшейтіледі

143 рет
көрсетілді

Алматыда жыл соңына дейін 50 мың бейнебақылау камерасын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне (ББЖ) қосу жоспарға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше қазіргі уақытта жүйеге 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардағы 45 мың камера қосылған, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға жетеді. Жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін «Сергек» кешенінің 300 камерасы орнатылып, қаладағы осындай кешендердің жалпы саны 1 мың 641-ге жеткен. Сонымен қатар, «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы шеңберінде жыл соңына дейін 71 денсаулық сақтау нысанында да қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылмақ.