Қатты жел салдарынан Астананың бірқатар ауданы жарықсыз қалды. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазір төтенше жағдайлар қызметі Оңтүстік-Шығыс ықшамауданы, оң жағындағы 10 киловольттық әуе желілерінде, сондай-ақ Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Қолайсыз ауа райы салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды: 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника (АГП) және ДГҚ жұмылдырылды», делінген хабарламада.