Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 15 ғимарат, оның ішінде ауруханалар, мектептер, жеке және көпқабатты үйлер, сондай-ақ мешіт пен ауыл әкімдігі шатырсыз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушылар бүгін облыста желдің екпіні секундына 28 метрге жеткенін атап өтті.
Павлодарда қатты желден Торговая көшесіндегі қойма ғимараты мен қала іргесіндегі Жаңаауыл ауылындағы жеке тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен.
«Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағында 4 факті тіркелді: Шідертіде көпқабатты тұрғын үйдің 30 шаршы метр шатырының, сонымен қатар Шідерті орта мектебінің 5 шаршы метр қатты шатырының жартылай қирауы; Құлакөл ауылындағы жеке тұрғын үйдің 6 шаршы метр шатырын жұлып әкеткен. Сондай-ақ қатты желдің салдарынан атындағы Қ.Сәтбаев ауылындағы Шикілдақ кентіндегі мектептің 40 шаршы метр аумақта жылу қазандығының шатыры», деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Сондай-ақ Ақсу қаласында ғимараттардың зақымдануы бойынша 4 оқиға тіркелген. Қалалық №2 жасөспірімдер спорт мектебінде 160 шаршы метр аумақтың шатыры жұлынып, трансформаторлық қосалқы станса шатырсыз қалған.
«Ақтоғай, Баянауыл, Май, Ертіс, Шарбақты, Успен аудандарында, сондай-ақ Ақулы ауданы мен Ақсу қаласында 28 рет электр энергиясы үзілді», деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.