• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Мәдениет 08 Қараша, 2024

Алдаркөсе Алманияға барғанда...

68 рет
көрсетілді

Берлинде ұлттық фольклордың танымал образдары жергілікті жұртқа көрсетілді. Мәдени іс-шараны Германия Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Түрікменстан, Түркия мен Өзбекстан елшіліктері ұйымдастырды. Жиында әр ұлт өз мәдениетіндегі ұқсас кейіпкерлерді түрлі қойылымдар мен көрмелер арқылы көрсетті.

Атап айтсақ, Алдаркөсе Шық­бермес Шығайбаймен не­місше сөйлесіп, айласын асырып тұр. Тапқыр Алдардың өзі де, салған әні де, неміс ба­лаларына таңсық дүние еке­ні анық. Гензель мен Гре­тельді, Қызыл телпек пен Ра­пунцельді жаттап өскен балақайлар Ал­даркөсенің әр амалына ерек­ше назар аударды. Қа­зақ мәдениетімен енді танысып жатқан ересек­тер де іс-шараның маңыз­дылығына баса мән бе­ріп, елімізге саяхаттап келуге қызығушылығының артқанын айтты.

«Осындай мәдени іс-шара­лардың біз үшін маңызы зор. Біз Целендорф ауданы болып бас қосып, өзге мәдениеттердің озық туындыларына куә болып отырмыз. Мұндай іс-шаралар ой бостандығына жетелейді. Күнделікті күй­бең тіршіліктен бір сәт демалып, жаңа идеяларға қол жеткізуге болады. Осы уа­қыт­қа дейін Қазақстанда болып көрмеп едім, енді ал­дағы уақытта саяхаттап барсам ба деген ой келіп тұр», дей­ді Штеглиц-целендорф ауданының бургомистрі Ма­рен Шелленберг.

«Бұл жиынның ұйымдас­тырылуына қатысушы елдер мен Германияның Сыртқы істер министрлігі өкілдері зор үлесін қосты. Өте салмақты деңгейде өтіп жатыр. Мен Ислам мәдениеті мен Орталық Азияны зерттейтін маман ре­тінде осындай, балалар тәрбиесінде қолданылатын Қо­­жанасыр мен Алдаркөсе образ­дары ерекше қызық мы­сал­дар деп бағалар едім. Біз үшін бұл образдарды Гер­мания балаларына жақын ете түсу зор жетістік. Себебі әр оқи­ғаның өзіндік тәрбиелік мәні, айтар ақылы бар», дейді Cultur Cooperation ұйымының өкілі Катлин Гёбель.

Аталған жиын барысында қойы­лымдардан бөлек кө­рерменге неміс субтитрімен Ш.Аймановтың «Алдаркө­се» фильмі мен «Алдаркөсе» анимациялық серияларынан үзінді көрсетілді. Ұлт­тық музыкалық аспаптардан ән мен күй төгілді. Көршілес елдермен қатар қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылып, қазақы дастарқан жайылды.

Сондай-ақ Алдаркөседен бөлек Орталық Азия мен Же­рорта теңізі – Балқан ай­мағы халықтарының ертегі кейіп­керлері де сахнаға шық­ты.