Орталық сайлау комиссиясы Талғар қаласының әкімін сайлау күнін бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Комиссияның хабарлауынша, сайлау күні 15 желтоқсанға белгіленген.
Айта кетейік, Талғардағы қайғылы оқиғадан кейін қала әкімі болған Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылған.
Ол 2022 жылы өткен сайлауда 47,71 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.