• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Қараша, 2024

Астанада Сирия мәселесі бойынша халықаралық кездесу өтеді

94 рет
көрсетілді

11-12 қарашада елордада Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік мәліметінше, бірінші күні делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өткізіледі. Келесі күні кездесулер жалғасып, олардың қорытындысы бойынша пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы жоспарланған. 

Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесудің күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: 

Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы; САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер; Сириядағы «жергілікті» жағдай; Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу; Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.