• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Қараша, 2024

Медициналық кітапшалар электрондық форматқа ауыстырылады

95 рет
көрсетілді

Елімізде жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу 2025 жылғы қаңтардан бастап электрондық форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары, оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында – 780 мың, білім беру саласында - 550 мың, денсаулық сақтау саласында – 272 мың және жеке секторда - 52 мың медициналық кітапша бар.

Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.

«Тағы бір маңызды артықшылық – бұл  қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін санкітапшаларды бұрмалау фактілеріне жол бермеу», делінген хабарламада.