• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 09 Қараша, 2024

ІІМ тікұшақ апатына байланысты тергеуді бастады

89 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Telegram-дағы Polisia.kz арнасының мәліметінше, 9 қарашада облыстағы аэродром аумағында оқу-жаттығуы кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қарқынмен қонып, кейін оның багы өртенген.

Салдарынан бір адам қаза тауып, 2 адам Ақтөбедегі ауруханаға жеткізілді.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.