Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
2024 жылғы 10 қарашада сағат 07:00-де Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашылды;
2024 жылғы 10 қарашада сағат 07:00–де Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды;
2024 жылғы 10 қарашада сағат 08:00-де Ақмола облысында «Астана-Петропавлск» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көлік қозғалысы ашылды;
2024 жылғы 10 қарашада сағат 08:00-де Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды.