• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2010

СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

590 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Албания, Индонезия, Португалия және Филиппиннің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарушылар – Сокол Гиок, Мохамад Асрухин, Педро Нуно Бартоло және Иисус Инесс Ябестен Сенім грамоталарын қабылдады. Сенім грамоталарын қа­был­даған соң Қ.Саудабаев олардың әрқайсысымен жеке жүздесіп, екі жаққа да тиімді ынтымақтастықтарды терең­дету бағытындағы жоспар­ла­рымен танысты. Кездесуден шыққан дипломаттар журна­лис­терге сұхбаттан түйген ой­ла­рын айтты. Соның ішінде Албания­ның елшісі С.Гиок Қазақ­стан­мен екі арадағы ынты­мақ­тас­тық­ты дамытуға ықыласты еке­нін жеткізді. Мен Қазақстанда болған уақытымда саяси және экономикалық қатынастар ғана емес, білім беру, мәдениет, ту­ризм салаларындағы ынтымақ­тастықтарды дамытуға күш са­латын боламын, деді ол. Бүгінгі күні жас мемлекет болғанына қарамай, Қазақ­стан­ды барлық әлем сыйлай бас­тағанына куә болып жүрміз, деді өзінің сөзінде Португалияның елшісі П.Бартоло. Қазақстан өте маңызды әлемдік мүдделердің қиылысында орналасқан ел ретінде қазір көптеген ұлттар және өркениеттер арасына көпір салуға тырысуда. Сондықтан Португалия да осындай мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Келесі кезекте елші ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретінде де Қазақ­стан­ның төраға лауазымындағы бас­та­маларын қолдайтындарын, соның ішінде мүше елдер басшыларының саммитін өткізу идеясын да дұрыс деп санайтындарын білдірді. Со­ны­мен бірге, Португалия Қазақ­стан­ды аймақтағы ғана емес, еуро­ат­лантикалық кеңістіктегі маңыз­ды ел деп таниды. Екіжақты қаты­нас­тар бағытында біз эко­но­ми­ка­лық ынтымақтастықтарды дамы­ту­ға күш салатын боламыз, деді ол. Индонезиялық М.Асрухин өз елінің Қазақстандағы елшісі бо­лып тағайындалғанын үлкен мәр­тебе санайтынын айта келіп, қо­лы­нан келген барлық мүмкін­ші­ліктерді жасап, екі елдің арасын­да­ғы ынтымақтастықтарды терең­де­туге қызмет ететінін жеткізді. Филиппин елшісі И.Ябес Мем­лекеттік хатшы – Сыртқы іс­тер министрі Қ.Саудабаевпен бол­ған әңгімеге өзінің толық  қана­ғат­танғанын жеткізе келіп, екі­жақ­ты қарым-қатынастардың терең­дей түсуіне қызмет ететінін айтты. Соның ішінде инвестиция, сауда, ту­ризм салаларындағы ын­ты­мақ­тастықтарды тереңдету перс­пек­тивалары зор екенін ауызға алды. Жақсыбай САМРАТ.