• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қараша, 2024

Қазақстанда интернет қолданушылардың үлесі 93%-ға жетті

111 рет
көрсетілді

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай Үкіметтің баспасөз қызметі Қазақстанның осы саладағы негізгі жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ дерегі бойынша, 2024 жылы Қазақстан әлемнің 193 елінің ішінде телекоммуникация инфрақұрылымы индексінде 42-ші орынды иеленген. Елдегі интернет-пайдаланушылардың үлесі 93%-ға жетті.

Сонымен қатар БҰҰ Халықаралық электр байланысы одағының Жаһандық киберқауіпсіздік индексіне сәйкес, биыл пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болғанын атап өтті.

Айта кетейік, соңғы 10 жылда мемлекеттік қызметтер саны 2 еседен астам өскен.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында арнайы қосымшалар мен сервистер арқылы пайдаланушыларға 33 млн қызмет көрсетілген. Тек осы жылдың қазан айында QR-кодтар арқылы 8 млн қол қойылса, Digital ID жүйесі арқылы 18 млн сәйкестендіру жүргізілген.