Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден өткен әлем кубогінің кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 7-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, командалық жарыста медаль үшін сайысқандар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов.
1/16 финалда біздің семсершілер Данияны 31:30 көрсеткішімен жеңіп, келесі кезеңде Украинаны 33:32 есебімен тізе бүктірді.
Ал ширек финалда Қазақстан спортшылары Венгрияға есе жіберді. Содан соң 5-8 орындарға таласу бойынша Қазақстан Швейцариядан жеңілді.
Нидерланд құрамасымен 7 орын үшін сайыста отандастарымыз 45:40 есебімен жеңіске жетті.