• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қараша, 2024

Арманыңды жүзеге асыратын - «Ақыл» депозиті

80 рет
көрсетілді

Биылғы жылдан бастап Отбасы банк қазақстандықтарға тұрғын үйге ғана емес, білім алуға да ақша жинауға көмектесе бастағаны белгілі. Балалардың болашағына үлкен мүмкіндіктердің есігін ашатын дүние сапалы білім екені анық. Аталған банктің «AQYL» депозиті келешекте білімді жастардың арманын бағындырып білімдерін жетілдіруге өз септігін тигізе  алады.

«Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Отбасы банкінде 57 267 білім беру шоты ашылған. Семей қаласының жас футболшысы банк депозитінің 50 мыңыншы салымшысы  атанды. 9 жастағы жеткіншектің жетістіктері жетерлік – ол мектептегі үздік оқушылардың бірі. Футбол ойнағанды жаны қалайтын талантты баланың арманы келешекте танымал футболшы болу. Оның бұл банктегі жинағы болашақта арманына жетуге және сапалы білім алуына көмектеседі», дейді мамандар.

Биылғы жылы Отбасы банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болып, ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі мектеп бітірген азаматтарға оқу ақысын төлеуге қол ұшын беретін «AQYL» депозиті. Банк ұсынған деректерге сенсек ең үнемшіл әрі балаларына барынша жағдай жасауға ынтық ата-аналар Шымкент, Астана, Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында тұрады. Дәл осы аймақтарда білім беру депозиттері жиі ашылады екен. Бүгінгі күні осы өңірлердің салымшыларының шотында 795,8 млн теңге жиналған.

«Қазір мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне алты қазақстандық банк пен бес сақтандыру компаниясы кіреді. Биылғы жылы «Қаржы орталығы» АҚ ашылған депозиттер бойынша мерейтойлық көрсеткішті атап өтті. Бүгінгі таңда 70 000 қазақстандық «AQYL» білім беру салымдарына ақша жинап жүр, олар бұл қаражатты кейіннен елімізде де, шетелде де білім беру ақысын төлеуге пайдалана алады. «AQYL» депозитін аша отырып, клиенттер банктен сыйақы алудан бөлек, салымшының әлеуметтік санатына байланысты жыл сайын 5% немесе 7% мемлекеттік сыйлықақы алады», дейді «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов.

«AQYL» депозиті 3 немесе 5 жыл мерзімге ашылады. Егер депозит кемінде үш жыл мерзімге ашылатын болса, онда мөлшерлеме жылдық 12%-ға тең. Ал, салымды кемінде 5 жылға жоспарласа, онда депозит бойынша мөлшерлеме 9,5%-ға тең болады екен. Ең маңыздысы, банк қосқан сыйақы ай сайын капиталдандырылып отырады. Бұл банк пайызы депозит сомасына қосылатындығын және келесі айда осы ақшаға жаңадан сыйақы есептеліп, есепшоттағы қаржы еселеніп отырады. Мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі және капиталдандырылуы жиынтық ретінде салымды тиімді түрде көбейтуге көмектеседі.

«Биылғы жылдан бастап Отбасы банк қазақстандықтарға тұрғын үйге ғана емес, білім алуға да ақша жинауға көмектеседі. Өйткені, біздің балаларымыздың алдында үлкен мүмкіндіктер есігін ашатын дүние бұл – сапалы білім. Білімнің күшімен сіз барлық арман мен тілектеріңізді жүзеге асыра аласыз, мейлі ол үй сатып алу, саяхаттау, жеке тәуелсіздік немесе табысқа жету болсын. Оны біздің «AQYL» депозитіміз іске асыруға көмектеседі. 1 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Отбасы банкінде 57 267 білім беру шоты ашылды», деді Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Балалардың біліміне қаражат жинақтау кезінде мемлекет тарапынан жыл сайын 5% көлемінде сыйлықақы қосылады. Сонымен қатар мемлекеттік қаржы есебінен жыл сайын әлеуметтік осал отбасылардың балаларына ашылған депозиттерге 7% мөлшерінде сыйлықақы ұсынылады. Басты шарты мемлекеттік сыйлықақыға ие болу үшін салым бір жыл бойы жинақталуы тиіс.

Отбасы банк қызметкерлерінің сөзінше «AQYL» депозитін Ұлттық қордан алынған жинақтармен толықтыруға болады екен. Биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар осы төлемдерге иелік ете алады. Оны «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында enpf-otbasy.kz платформасында іске асыруға болады.

Семей