• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Жануарлар 12 Қараша, 2024

Қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылған

105 рет
көрсетілді

Иттер 2 миллионға дейінгі иісті ажырата алады екен, деп жазады Egemen.kz.  

Бүгінде ішкі істер жүйесінде қызмет ететін иттердің едәуір бөлігі есірткі заттарын анықтауға үйретілген және оларды қолданушыларды да анықтай алады.

Polisia.kz-тің ақпаратына сәйкес 10 айда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылған. 1200-ге жуық тексеру іс-шаралары өткізілді. Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 кг синтетика тәркіленген. Мұндай тексерулер әуежайларда, вокзалдарда, жолаушылар пойыздарында, «Қазпошта» бөлімшелерінде тұрақты түрде жүргізіліп келеді.