• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 12 Қараша, 2024

Тауға шығуда қауіпсіздік маңызды

62 рет
көрсетілді

Биылғы қысқы сырғанау маусымы ашылды. Ішкі туризмді дамытуда азаматтардың амандығы, қауіпсіздігі қашанда маңызды.

Таудағы қауіпсіздік Қазақстандағы белсенді туризм кең етек алып жатқан шақта айрықша маңызға ие. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам жорыққа шығады, құзға өрмелейді және басқа да демалыс түрлерін таңдайды. Алайда, тауда жүру төтенше жағдайлардың оқыс оқиғалары көрсеткендей, байыпты дайындық пен тәртіпті қажет ететін, кез келген сәтте басыңа қатер төнуі мүмкін мекен саналады. Тауда, қысқы маусым кезеңінде қауіп-қатер көп, оларды белсенді демалыстың әуесқойлары жиі елеусіз қалдырып жатады. Бұл уақытта тау, әсіресе Алматының жергілікті тұрғындары мен туристтері шаңғы, сноуборд теуіп немесе жәй соқпақта серуендеп уақыт өткізуді қалайтын аумақ қаншалықты көркем болса, соншалықты қауіпті. Төмен температура, қар көшкіні қаупі бар беткейлер мен тосын ауа-райы ерекше білім мен дайындықты талап етеді. Жыл сайын таудағы жазатайым оқиғалар көбейіп отыр.

Табиғат аясына серуенге шыққан адамдардың қауіпсіздігі аясындағы әлеуметтік-білім беру жобаларын жүзеге асыратын Shymbulak Outdoor бөлімінің құрылғанына 2 жылдан асты. Екі жылда таудағы жүріс-тұрыс, адамдардың жабайы табиғатта сейілдеу мәдениетін арттыру бойынша қоғамды хабардар етіп, бірнеше жобаны іске асырды. Бөлімнің резиденттері мен тау спортының өкілдері бірігіп Алматы қаласы мектептерінде, университеттерінде және ұйымдарында ағартушылық кездесулер өткізді.

Осыған орай қысқы сырғанау маусымы қарсаңында Алматы тауларындағы қауіпсіздік тақырыбында алғаш рет арнайы іс-шара өтеді. Табиғи қатерлер бойынша мамандар, құтқарушылар, альпинизм нұсқаушылары, тау шаңғысы нұсқаушылары, тәжірибелі тау гидтері интерактивті форматта кеңестерін ортаға салады. Тау беткейлеріндегі қауіпсіздік ережелері туралы «Шымбұлақ» тау шаңғысы және сноуборд мектебінің нұсқаушылары түсіндірмек.

Іс-шара 20 қараша күні Алматы қаласындағы Novotel қонақ үйінде таңғы 09:30-да басталады.