• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар

300 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Президенті жа­нын­дағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қа­зақстан жолы: Бір­лік. Патриотизм. Ре­фор­малар» атты халықаралық конфе­рен­цияның қо­рытындысы бойынша брифинг өтті. Естеріңізде болса, Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен бұл жиынға Беларусь, Қырғызстан, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, парламентшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, Қазақстан мемлекеті мен оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпэтностық қоғамды дамы­тудағы еңбегін, қазақстандықтардың ұлттық бірлігі мен қоғамдық келісімін қамтамасыз етуге қосқан үлесін талқылаған болатын. Брифингке Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұматай Әлиев, Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев қатысты. Брифинг барысында Ж.Әлиев барлық ұлттардың Қазақстанды жақсы көретінін, мұндай саясат ешбiр елде жоқ және мұны бiз парасатты жүргiзуiмiз керектігін айта келіп: «Ұлттық тұрақтылықты көзiмiздiң қарашығындай сақтауға тиіспіз. Бiз елiмiзде тұрып жатқан барлық ұлттардың өкiлдерiн қолдауымыз қажет. Осылайша, өзiмiздiң ұлылығымызды көрсеткенiмiз абзал», – деді. Оның айтуынша, Қазақстанның ұлтаралық келiсiмге бағытталған саясатына әлемнiң көптеген елдерi қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, ол: «Ұлы мемлекеттердiң қатарына кiрiп келе жатырмыз. Бiздiң елiмiздiң ұлтаралық келiсiм мен татулық моделi ешкiмде жоқ. Бiздiң тәжiрибемiздi басқа елдер зерттеп, алып жатыр. Бiздiң елде ғана Президент Ассамблеяның Төрағасы болып табылады. Әлем көз тiккен бiздiң тәжiрибемiз әрi қарай тарала беретiнiне сенiмдiмiн», – дедi. Ал депутат Виктор Рогалев Семей ядролық полигонын жабу Қазақстанның ғана емес,  адамзат тарихындағы жарқын жаңғырыққа айналғандығын ерекше толқыныспен жеткізді. «Қазақстандық делегация мүшелері аталған ауқымды басқосуда әлемдік қоғамдастыққа Президент Н.Назарбаевтың ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы бастамалары туралы ақпараттар берді. Семей ядролық сынақ алаңын жабудағы Қазақстанның тарихи рөліне де назар аударылды. Бүгінгі таңда Қазақстан жаһандық ядролық қатерді болдырмаудың қажеттілігінде нақты шаралар қабылдау бойынша қатаң ұстанымды қолдайды», – деді В. Рогалев. Иә,  Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері үшін бізде барлық жағдай жасалған. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,  журналист.