Жарыс Түркияның Анкара қаласында өтті. Оған 10 елден 60-қа жуық спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Қатысқан 6 спортшының 5-еуі алтын, 1-еуі күміс иеленді. Атап айтқанда, алтыннан алқа таққандар: Қанат Әшірбек, Қуаныш Қабылда, Аружан Сүйментай, Балмира Бекбосынова, Камила Сексенбай, ал күміс жүлде иегері - Саят Қизат.