• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қараша, 2024

Мемлекеттік спорттық мекемелер өз қызметтері үшін ақы ала алады

52 рет
көрсетілді

Мәжіліс дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі бастамашылық еткен нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң жобасы аясында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелерге тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ақылы негізде өткізу құзыреті беріледі.Оларға іс-шараларды (спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер мен конференциялар) ұйымдастыру және өткізу мақсатымен халықты арнайы спорттық жабдықтармен, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтер, спорттық медицина саласындағы қызметтер кіреді.

Бұдан бөлек спортшыларды жарыстарға қатысуға дайындау, оларды тамақпен қамтамасыз ету, спорттық шаралар мен жазғы демалысты ұйымдастыру және өткізу де бар. Бұл ретте оларды сатудан түскен табыс бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.