Келесі айда Қазақстан футбол федерациясының қорытынды конференциясы өтіп, онда жаңа президент сайланады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Футбол федерациясы – өзінің атқарушы комитеті бар қоғамдық бірлестік. Бүгінгі таңда үміткерлер туралы әлі белгісіз. Қалай болғанда да, барлық үміткерлерге толық талдау жасалады. Бір айдан кейін қорытынды конференция өтіп, онда кандидаттар жарияланады. Мүше болып табылатын барлық аймақтар жаңа президентті сайлайды. Біз де үміткерді таңдауға қатысамыз», деді Ербол Мырзабосынов.
Бүған дейін, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұловтың қызметінен кеткенін хабарлаған едік.