• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2024

Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

66 рет
көрсетілді

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 13 қарашадағы өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, сондай-ақ мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Степногорск қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Степногорск қаласының жаңа әкімін облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қала активіне таныстырды. Елдос Рамазанов бұрынғы әкім Алпысбай Қайыржановқа алғысын білдіріп, жаңа әкімге сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Гайдар Қасеновке қаланы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

«Бүгінгі күні жылыту маусымында қала әкімі үшін ең басты міндет – халықты және әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету. Сондай-ақ, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын аяқтау және оларды уақытында іске қосу ерекше бақылауда болуы қажет», деді Е.Рамазанов.

Сонымен қатар, Степногорск қаласының әкімдігіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үй құрылысы бойынша нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.