Жетісу облысындағы Жаркент гарнизонында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан әскери бөлімнің офицері көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ақпаратты Қазақстан Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады. Қайғылы оқиға бүгін, 14 қарашада болған.
«Диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Офицердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.