• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қараша, 2024

Қызылордада қаржы пирамидасының жетекшісі 5 жылға сотталды

92 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының тұрғыны қаржылық пирамида ұйымдастырғаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, азаматша Шагирова кооперативтік филиал ашу арқылы интернет желісінде ешқандай пайызсыз үй және автокөлік алуды жарнамалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, салымшыларды өзіне ақшалай салым жасауға шақырған.

«Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан Қызылорда қаласының 11 тұрғынына 15 млн теңге көлемінде мүліктік зиян келсе, 3 жәбірленуші 2 автокөлігінен және 1 азамат жер телімінен айырылған», делінген хабарламада.

Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен азаматша Шагирова ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, аса жоғары пайыз, күн сайынғы кіріс және әр ертіп келген адам үшін бонус ұсынса, сеніп қалмаңыз, бұл - нағыз қаржылық пирамиданың белгісі.