Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-гимназиясының екі есепшісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Олар алдын ала сөз байласу бойынша 120 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Тергеу мәліметтері бойынша, бухгалтерлер бес жыл бойы өздерінің шоттарына артық жалақы мен басқа да төлемдерді аударып отырған.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.