• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2024

Елімізде жаңа цифрлық монета пайда болады

93 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта – теңге күніне орай 2025 жылдың I тоқсанында жаңа «Цифрлық инвестициялық монета» жобасын іске қосу жоспары бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қаржыгерлердің XII съезі барысында «Цифрлық инвестициялық монета» жобасы аясында монеталарды Ұлттық банкке монеталарды сатып алуға, Ұлттық банкке кері сатуға, сыйлауға, сондай-ақ олардың жеткілікті саны жинақталған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болатынын хабарлады.

«Мұндай монеталарды алғаш рет 2025 жылы сатып алуға болады. Біз, бір жағынан, токенизация трендін ұстанамыз, бірақ сонымен бірге еліміздің барлық инфрақұрылымын белсенді пайдаланатынымызды көрсетеміз. Біздің негізгі биржамыз болатын KASE және жаңа құралдарды дамыту тұрғысынан үлкен ставка жасайтын AIX сияқты», деді ол.

Ұлттық банктің мәліметінше, алтын инвестициялық монеталарды кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен online сатып алуға және сатуға болады. Цифрлық баламадағы инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады.

Айта кетейік, монеталар Astana International Exchange (AIX) биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады.

«Осы жоба үшін арнайы жаңа ÚKI инвестициялық монетасының эксклюзивті дизайны әзірленіп отыр. Оның салмағы 31,1 грамм, номиналы 100 теңге, алтын сынамасы – Аu 999,9. Монета «Көшпелілердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясындағы коллекциялық монеталар стилінде жасалған. ÚKI инвестициялық монетасын тек «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Монеталар блистерде шығарылады», делінген хабарламада.