• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Көрме Бүгін, 08:10

Жібек жолының мәдени мұрасы

25 рет
көрсетілді

Ұлттық музей «Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесінде өз коллекциясынан он экспонат ұсынды. Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі жүзеге асырып отыр.

Виртуалды көрме Google Arts & Culture платформасында жарияланған. Бұл – әлемдегі серіктес мәдени ұйымдардың өнер туындылары мен мәдени артефактілерінің жоғары сападағы суреттері мен бейнелері бар Google басқаратын онлайн платформа.

Қазіргі уақытта сервис ұжымы кемінде 80 елдегі 2 мың­нан астам мәдени мекемелермен ынтымақтастық орнатқан. Қолданушылар платформадан өнер туындыларының көшір­мелерін, сәулет ескерткіштері мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары туралы мәліметтерді таба алады. Сондай-ақ, сайтта бүкіл әлемдегі мәдени меке­мелердің мұрағат­тарын көруге мүмкіндік беретін цифрлық көр­мелер бар.

«Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесіне Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның ұлттық музейлерінен Жібек жолының мәдени мұрасын сипаттайтын 60 көрнекті музей жәдігері қойылған.

 

Маржан ҚУАТҚЫЗЫ,

журналист