• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Технология 16 Қараша, 2024

Жол жабынын нығайтатын әдіс

218 рет
көрсетілді

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары елі­міздегі көлік жолдарының бұзылу себебін анықтау мақ­­са­­тын­да маңызды зерттеу жүргізді. Осы зерттеу жұмыс­та­­ры­ның негізінде жол жабынын нығайтудың жаңа әдісі әзір­лен­ді.

Соңғы екі жыл ішінде институт қызметкерлері проблемалық учаскелердегі ақаулардың картасын жасап, цемент-бетон жол­дардағы ақауды басты назарға алған. Сондай-ақ ғалымдар хи­мия­лық және температуралық тал­даулармен бірге рентгендік зерттеулер мен деформациялық тігіс­терді бақылады. Бұл өз кезе­гін­де жолдың бұзылу себебін зерттеуге мүмкіндік берді.

2021 жылы еліміздің цемент-бетон жолдарында мамандар деформациялану бойынша 36 жағ­дай тіркелсе, 2022 жылы 23 қана жағдай болған.

« Осы мақсатта ғалымдар жол негіз­дерінің қасиетіне ерек­­­­ше назар аударды. Өйт­кені жолдардың жүкте­ме­лер­ге төзім­ділігі дәл осы фак­тор­ға тәуелді. Терең зерт­теу жұ­мыс­тары жолдардың тұ­рақ­­­ты­лығы тек бетонның құ­р­а­­мы­на ғана емес, сонымен қа­тар топы­рақтың сапасы мен түріне, климаттық жағдайларға және жерасты суларының дең­гейіне де байланысты еке­нін көр­­­­сетті», дейді аталған жол ғы­­­­л­ыми-зерттеу инс­ти­тутының ғы­­­лыми кеңесшісі, техника ғы­лым­­­дарының кандидаты Думан Дүй­сем­бинов.

Төзімділігі әлсіз топырақ­та жолдар шөгу мен дефор­ма­цияға жиі ұшырайды. Сон­дық­тан мамандар мұндай то­­­пырақтың минералды құ­ра­­мы мен олардың сүзу қа­сиет­­ін зерттеп көрді. Зерт­теу нә­ти­же­сінде институт ға­лым­да­ры елі­­­міздегі батыс өңір­­лерінің жағ­­да­йына бе­йім­дел­ген құм топы­рақты ны­ғайту үшін бірегей катализатор да­йындады.

Жаңа қоспа құмның шаң бөл­­шектерін байланыстырып, оларды шөгінді жынысқа ­ай­налдыру арқылы иондық өзара әрекеттесуді белсендіреді. Бұл жолды берік әрі тұрақты ете­ді. Аталған әдіс цемент-бетон жол­дарының қызмет ету мер­зімін ұзартып, оларды күтіп ұс­тауға жұмсалатын шығынды азайтады.