• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Қараша, 2024

Өлмек пе, қалмақ па

615 рет
көрсетілді

Иә, Шекспир қойылымындағы Гамлеттің ойын ойран, һәлін һарап қылатын сауал – осы. Трагедияның адамзат санасына әсер еткені соншалық, бұл туралы әңгіме де, аңыз да көп.

Уильям Шекспир ең әуелі драматург емес, тамаша актер болған. Сол себепті оның пьесалары әдеби баяндаудан гөрі, тартысты диалогқа толы. «Гамлеттің» алғашқы нұсқаларында мұрагеріне аян беретін әруақтың рөлін Шекспирдің өзі сомдаған деседі.

Ал 1982 жылы Польшаның әйгілі композиторы және Шекспирді жанындай жақсы көретін өнер адамы Анджей Чайковский қайтыс боларда, ол өзінің бас сүйегі «Гамлет» қойылымында декорация есебінде қолданылса деген арзу-арманын аманаттайды. Ұзақ жылдар бойы бас сүйек дайындық кезінде ғана қолданылып келді. Оны бірінші болып үлкен сахнаға алып шыққан актер Дэвид Теннант болды, ол 2008 жылы «Корольдік Шексир компаниясы» үшін «Гамлет» трагедиясын сахналады.