• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қараша, 2024

Астанада 30 адамды 3 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ сотталды

63 рет
көрсетілді

Күдікті қылмыстық жоспар құрып елорда тұрғындарына Қытай мен Түрікменстаннан халық тұтынатын тауарларды тікелей жеткізуге уәде берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ол азаматтарды алдау үшін  WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық құннан төмен бағамен жарнамалаған. Осылайша, 30 адамның 3 млн теңгеден астам қаржысын иемденіп,  өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Сотта қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын көрсетті. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының бастапқыдан тауар жеткізуді жоспарламағанын және өзіне алған міндеттемелерін орындауға ниеті болмағанын дәлелдеді», делінген хабарламада.

Сот үкімімен күдікті 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығындар сотталушыдан өндірілген. Астана қаласының прокуратурасы тұрғындарға мессенджерлерде төмен бағамен тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін күмәнді мәмілелерден сақ болуды ескертеді.