• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

Арнайы өкілдің алыс елге сапары

213 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің еліміздің кандидатурасын 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету бойынша Арнайы елшісі Бағдат Әміреев Джибути Республикасында болып, онда осы ел президенті Исмаил Омар Гуллехпен кездесті. Кездесу кезінде Б.Әміреев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Джибути Президентіне жолдауын табыстап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқаратын болашақ қызметінің басымдықтары туралы хабардар етті. Басымдықтар қатарында, атап айтқанда, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мен БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетін арттыру, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау, ядролық қарусыздану, халықаралық құқықтың үстемдігі, орнықты даму мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да мәселелер аталды. Достық рәуіште айтарлықтай уақытқа созылған әңгіме барысында екіжақты ынты­мақ­тас­тықтың экономика мен мәде­ниет салаларындағы, сондай-ақ, БҰҰ, Африка одағы, Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымы мен басқа да құрылымдар аясындағы көп деңгейлі қарым-қатынастардың перспективалары атап  көрсетілді. Б.Әміреев, сондай-ақ, Джи­бути Президентін 2017 жылы Астанада ЭКСПО-2017 маман­дан­дырылған халықаралық көр­месі өтетінінен құлағдар етіп, Джибути басшылығы мен компанияларын аталған көрмеге белсенді қатысуға шақырды. Б.Әміреев пен И.Гуллех ара­сындағы кездесуге Джибути Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер министрі  М.Юсеф пен Қазақстан Республикасының Эфиопия Феде­ративті Демократиялық Респуб­ликасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Джибути Респуб­ликасында елшілік қызметті қоса атқарушы Ерлік Әли қатыс­ты. Аталған дипломаттар енді екі­жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін жұмыс істей­тін болады. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар