• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 07 Қараша, 2024

Президент дипломатиясы Францияның Әзербайжанға көзқарасын жақсартты - сарапшы

34 рет
көрсетілді

Франция Президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барғаны белгілі. Дипломатиялық кездесу аясында мемлекеттер басшылары 2008 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге сүйене отырып, екі ел арасындағы сенімді және тұрақты диалогты нығайтатын тетіктерді жан-жақты талқылаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сапар аясында Қ.Тоқаев пен Э.Макрон екі мемлекеттің аумақтық тұтастығын құрметтей отырып, 1991 жылғы Алматы декларациясы негізінде өңірде берік әрі тұрақты бейбітшілік орнатуға мүмкіндік беретін келісімге қол қоюды жеделдетуге толық қолдау білдірді. Сондай-ақ Президенттер Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылықтың маңызын жеткізді.

Осы орайда  сарапшы Амангелді Құрметұлы келіссөздің Әзербайжан халқына оң нәтижесін бере бастағанын айтты. 

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапарына байланысты Әзербайжан медиасында қызық пікір айтылды. Әзербайжан халқы Қ.Тоқаев дипломатиясының нәтижесінде Э. Макронның Оңтүстік Кавказға қатысты ұстанымы біршама адекватты бола бастағанын алға тартады. Әйтпесе Франция Әзербайжан-Армения мәселесінде  Баку позициясын ұдайы сынайтын. Ереванды талай жақтаған. Енді осы риторика өзгерген көрінеді-мыс. Шынымен солай болды ма, жоқ па білмеймін, бірақ әзербайжан бауырлар Қ.Тоқаев сапарының өздері үшін пайдалы болғанын алға тарта бастады. Қазақстан ураны Францияға тек Әзербайжан жері арқылы жеткізілуі мүмкін екенін француздарға Қазақстан басшысы түсіндірді дегенді айтады», дейді Амангелді Құрметұлы.