11-14 қараша аралығында Сингапурде өткен сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан сот жүйесін реформалаудағы жетістіктерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конференция жұмысына 5 құрлықтың 53 елінен 240 қатысушы қатысты. Қазақстанның Сот әкімшілігі мен Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығы (IACA) арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы меморандумға қол қоюдың маңызы зор болды.
Айта кетейік, MAСА президенті Луис Мария Пальма мен Қазақстанның Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қол қойған құжат үздік әлемдік практиканы енгізуге бағытталған серіктестіктің келесі кезеңін білдіреді.
Сондай-ақ конференция аясында Қазақстан делегациясы сот ісін жүргізуді цифрландыру, сот төрелігінің қолжетімділігі мен процестердің ашықтығын арттырудағы табысты тәжірибесімен бөлісті. Азаматтардың сот жүйесіне сенімін нығайтуға көмектесетін технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
Ал бағдарламаның келесі бөлімінде Сингапур Жоғарғы Сотының Төрағасы Сундараш Менонмен кездесу өтті. Келіссөзде цифрландыру және сот әкімшілігін жетілдіру саласындағы бірлескен бастамалар талқыланды.