• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2024

Ауызсу мәселесі шешімін табады

107 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы ауызсу тапшылығы өңірде қосым­ша су көздерін ашу, яғни ащы суды тұщытып пайдалану қажет­тігін танытты. Осы орайда су тұщы­та­тын зауыттарды салу жобалары қолға алынды. Маңызды жоба­лар­дың үшеуі Түпқараған ауданы аумағында жүзеге асып жатыр.

Тұрғындар санының артуына байланысты ауданда маңызды әлеуметтік нысандар құрылысы да қолға алынған, солардың бірі – аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында, Баутин, Аташ елді мекендерінде салынып жатқан су тұщытатын зауыттар құрылысы. Атал­ған ауылдарда сумен қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 5000 текше метр теңіз суын тұшытатын за­уыт салынып жатыр. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы 80%-ға аяқталған. Бүгінде бұл елді мекендерге ащы су құбырлары арқылы, ал тұщы су жерасты көздерінен арнайы тасымалдаушылармен жеткізіледі. Жыл соңына дейін зауыт толық іске қосылып, құбыр­лар арқылы тұ­щытылған су тұрғын­дарға бе­ріл­мек.

Ауданның инфрақұрылымын жақ­сар­ту бағытындағы тағы бір маңызды жоба – тәулігіне 1000 текше метр кәріз суын тазартуға арналған жаңа тазарту жүйесінің құрылысы. Бұл жобаның 95%-ы аяқталып, жақын арада іске қосы­ла­ды деп жоспарланған.

Ауданда әлеуметтік нысандар да көп­теп бой көтеріп жатыр. Биыл Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана мен 260 орындық өнер мектебі салынып жатқаны көңіл қуантады. Қазіргі таңда құрылысы 95%-ға аяқталған жатақхана жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл нысан аудандағы тапшы мамандарды қызметтік пәтерлермен қам­тамасыз ету үшін қарастырылған. Сондай-ақ жалпы аумағы 1,6 гек­тарды құрайтын өнер мек­те­бі­нің құрылысы 85%-ға да­йын. Жыл соңына дейін ашылуы жоспарланған мектепте балалар мен ересектерге арналған мәдениет, өнер секциялары жұмыс істейтін болады.

Үш ауысымды оқытуды жою, оқу орын­дарының тапшылығын азайту мақ­сатында Сайын Шапағатов ауылдық округінде 1200 орындық, үш қабатты заманауи мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жос­пар­ға сәйкес, білім ордасы 2025 жылы пайдалануға беріледі.

 

Маңғыстау облысы,

Түпқараған ауданы