• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2015

«Чики-чики»

592 рет
көрсетілді

деп сөйлейтін шикі шенеуніктің мәселесі шешілді Бұдан біраз бұрын әлеуметтік желілерде «чики-чики» сөзімен елге та­ныл­ған шалқарлық шенеунікке тәртіп­тік кеңестің алдында жауап беруге тура келді. Интернет «жұлдызына» айнал­ған Шалқар аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­лі­мінің басшысы Аян Қорқытұлының аты аталуы мұң екен жиналғандар тү­гіл, тәртіптік кеңес мүшелерінің өз­дері езу тартты. Соған қарамастан, кеңес мүшелері ауданның коммуналдық шаруа­шы­лығына жауапты білдей басшыны  басынан сипай қоймады. Бір ауыздан «мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзды» деп таныды. – Мамыр айында БАҚ-та «Шалқар­лық шенеунік әлеуметтік желіде күлкіге айналды» деген атпен бірнеше мақала жарық көрді. Youtube желісінде бейнеролик жарияланды. Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жайына ша­ғым­данған тұрғындардың сөзіне жау­ап алуға барған журналиске дөрекі жауап қайтарған. Яғни, мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзған. Ал, кодексте «көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде мемлекеттік қызметкер мәдениетті болуы тиіс» деп көрсетілген, – дейді тәртіптік кеңестің бас маманы Бағдат Кенжеғалиев. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей, мінбеге шыққан Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жөнделу жайын айта жөнелгенде тәр­тіп­тік кеңес мүшелері «облысты ұятқа қал­дыр­ғанын» айтып, орта жолдан тоқта­тып, журналиске дөрекі сөйлеуінің себебін сұрады. Жан беру оңай ма, Аян Қорқытұлы камераның қосулы тұрғанын аңғар­мағанын айтып ақталды. Бірақ,«чики-чики» сөзімен интернет «жұлдызына» айналған шенеуніктің сөзі ешкімді сендірмеді. Тәртіптік кеңес Аян Қор­қыт­ұлын қызметіне толықтай сәйкес емес деп шешті. Интернеттегі ол «қызықты» біз де көріп, өз көзімізге сенер-сенбесімізді білмегенбіз. Ол арада жалғыз «чики-чики» сөзі ғана емес, шенеуніктің басқа да теріс қылықтары күлкімізді келтірген. Тіпті, астамсып сөйлеуінен «мынау қай­теді» деп іш жиып қалғанбыз. Мұның өзі бізді әлі де балалығы қалмаған адам биік мансапқа қалай жеткен, сондай-ақ, артында жебеушісі бар-ау деген ойға қалдырғанын жасырудың реті жоқ. Міне, біздің халыққа қызмет етеді деген шенеуніктеріміздің түрі осындай бол­са, түңілмеске шара қайсы? Мұны шене­у­ніктің шикілігі дейсіз бе, әлде астамсудың ақыры дейсіз бе, өзіңіз біліңіз. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.