Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 13:00-ден бастап екі бағыт бойынша автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді:
Ұлытау облысында «Қызылорда-Павлодар» автомобиль жолының 216-424 км (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы) учаскесінде; Қызылорда облысы мен Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырымы (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы) учаскесінде.Алдын ала мәлімет бойынша 2024 жылдың 20 қарашасы сағат 20:00-де жол ашылады.