• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қараша, 2024

Риддер қаласының тұрғындары Қазақстан халқына үндеу жолдады

191 рет
көрсетілді

Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Президентіне биыл жылу үзіліссіз беріліп, үйлердің қайта жылығаны үшін ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаламыздың өркендеуінің негізі – тұрақтылық, қоғамдық келісім, бейбітшілік және тәртіп. Біз қиын сәттерді бірге еңсеріп, олардың шешімін табуда бірлесіп әрекет еттік. Мемлекет басшысының қолдауын үнемі сезіп келеміз. Риддер жылу электр орталығын қайта қалыпқа келтіру үшін атқарылған жұмыстардың ауқымын көріп отырмыз. Қалпына келтіру жұмыстарына 16 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. 20 шақырымнан астам жылу желілері жөнделді», делінген үндеуде. 

Риддер тұрғындары көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28 миллиард теңге бөлу туралы бүгінгі шешімді ерекше ықыласпен қабылдады.

Сонымен қатар, үндеуде елімізде бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесі де қозғалды.  

«Шығыс жұрты әрқашан мемлекет бастамаларын алғашқылардың бірі болып қолдайды. Бұл жолы да дәл солай. Жаңа уақыт белдеуіне көшу – еліміздің тиімді жұмыс істеу мүддесіне сай Үкімет қабылдаған стратегиялық шешімі. Біз бұл мәселенің қоғамда алауыздық тудыруына жол бермейміз және барлық қазақстандықтарды бұл өзгерістерге түсіністікпен әрі оптимистік көзқараспен қарауға шақырамыз», дейді риддерліктер.  

Үндеудің соңында Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі мен қалалық мәслихат депутаттары маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу үшін барлық Қазақстан халқын жұмыла қимылдауға шақырды.

Риддерліктердің үндеуі «Эмоцияға берілмей, тек алға қарай жылжып, дамуымыз керек!» деп аяқталған.