• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Таным 21 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Қатерлі ісіктен сақтайтын дәрумен

51 рет
көрсетілді

Ғалымдар омега-3, омега-6 май қыш­­қылдары 19 түрлі қатерлі ісік­тің даму қаупін төмендететінін анық­тады.

Омега-3 тоқ ішек, асқазан, өкпе ісіктерінің, ал омега-6 ми қатерлі ісігі мен меланоманың алдын алады. Мамандар май қышқылдарын табиғи өнімдерден алу үшін балық, жаңғақ, өсімдік, зәйтүн майларын тұтынуға кеңес береді. Әсіресе омега-3 пен омега-6 тепе-теңдігін 1:1 дең­гейінде ұстау жүрек-қантамыр ауру­лары мен онкологияның алдын алуға көмектеседі.

 

Жасанды интеллектінің жадында қаласыз

Gemini чат-ботына қолданушының жеке қалаулары мен қызығушы­лықтарын есте сақтау мүмкіндігі енгізілді.

Енді Gemini чат-боты қолданушыға қатысты ақпараттар мен оның қалауларын есте сақтап, жауаптарын сол мәліметтерге бейімдей алады. Мысалы, жүйе қолданушысының вегетариандық тағамдарды жақсы көретінін немесе бухгалтер болып жұмыс істейтінін есте сақтай алады. Қолданушылар деректерді өздері басқара алады. Оларды өңдеуге, өшіруге мүмкіндік бар. Алайда бұл қызмет әзірге тек ағылшын тілінде жұмыс істейді әрі «Google One AI Premium» жазылымында ғана қолжетімді.

 

«Bugatti»-дің әлемдік рекорды

«Bugatti» компаниясы ашық төбелі W16 Mistral кабриолетімен 453,91 км/сағ жылдамдыққа жетіп, бейресми әлемдік рекорд орнатты.

Бұл көрсеткіш «Koenigsegg» компания­сы 2017 жылы орнатқан рекордтан 6,72 км/сағ-қа жылдам. 1825 ат күшіне тең W16 қозғалтқышы кабриолетке адам сенгісіз жылдамдыққа жетуге мүмкіндік берген. «Bugatti» басшысы Мате Римак ендігі мақсат 500 км/сағ межесін бағындыру екенін айтты. Алайда бір бағытта қозғалу ережелерге сай келмейтіндіктен, бұл рекорд ресми түрде мойындалмауы мүмкін.