Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің (ДБ) «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысына сондай-ақ, ДБ Жаһандық индикаторлар тобының директоры Лопес Кларос Аугусто, Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директор Кумар Джа Сарож, банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Людмила Бутенко қатысты.
Қазақстандық мемлекеттік органдардың өкілдері ДБ қызметкерлеріне республикада Doing Business рейтингіндегі позицияны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
Сәуірде Дүниежүзілік банктің бас офисінде мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын озық топ Қазақстанда «Мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы», «Мемлекеттің кәсіпкерлікке қызметке қатысуын шектеу туралы» заңдарға өзгерістер енгізілуі шеңберінде жүргізілген реформалардың тұсаукесерін өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ДБ сарапшылары реформаларға оң баға берді.
Тараптар 2015 жылы Doing Business рейтингіндегі республиканың позициясын жоғарылату мақсатында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.