• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:00

Қоғамдық орындарда кальян шегудің 500 дерегі анықталды

18 рет
көрсетілді

16 қыркүйекте басталған «Учаске» жедел–профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ел бойынша полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйымды бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізген, деп жазады Egemen.kz. 

Polisia.kz-тің ақпаратынша ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталып, 25 млн теңге айыппұл салынған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны тұтынғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Кальян шегу фактілерін болдырмау тұрғысында кафе иелерінің өз мекемелерінде шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін қазіргі уақытта ІІМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге пысықтап жатыр.