• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қараша, 2024

Қырғызстан көмір экспортына тыйым салды

89 рет
көрсетілді

Қырғызстанның министрлер кабинеті елден көмірді ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге автомобильмен әкетуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, алты ай мерзімге тыйым салынған.

Айта кетейік, «Иркештам-автодорожный» және «Торугарт-автодорожный» автомобиль өткізу бекеттеріне қатысты шектеу жоқ.

Бұған дейін елде Қырғыз Республикасы азаматтарының денсаулығын контрафактілік, сертификаты жоқ темекіні тұтынудан қорғау мақсатында елге темекі әкелуге уақытша тыйым салынған еді.