• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 12:29

11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған

34 рет
көрсетілді

Түркістан облысында полиция жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан кәмелетке толмаған баланы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда Жетісай ауданы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына шұғыл түрде арнайы қызметтер жұмылдырылып, оқушылар мен мектеп әкімшілігін эвакуациялады. Тексеру кезінде хабарлама жалған болып шыққаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының полицейлері жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған кәмелетке толмаған 11-сынып оқушысының жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. 14 жасқа толған адамдар бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сол себепті полиция мектеп оқушыларын қатаң ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заңмен тыйым салынады.

Сондай-ақ сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.