Қазақстан велоспорт федерациясының бір жылғы көрсеткіштері қорытындыланған дәстүрлі конгресс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жиын барысында №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған Олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысы Вера Риве «Үздік жаттықтырушы» атанса, сол мектептің спортшысы Мұрат Куйтенов «Жылдың үздік спортшысы» аталымын еншіледі.
Сонымен қатар, Федерацияның арнайы марапаттары – ардагер жаттықтырушылар Андрей Скляров пен Александр Кочетковқа табысталып, велоспортты дамытуға қосқан үлесі үшін Владислав Горбунов алғыс хатпен марапатталды.
Айта кетсек, аталған жиында «2024 жылғы Үздік өңір» атағын Астана қаласы алды. Биыл Астананың велоспорт мектебі қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, сондай-ақ Қазақстан велоспорт федерациясымен бірлесіп, 100-ден астам бұқаралық іс-шара ұйымдастырды. Мектеп спортшылары республикалық және халықаралық шараларда 300-ден астам медаль жеңіп алып, елорда спортының мәртебесін асқақтатты.