24 қарашада таңертең Өскемендегі Астафьев көшесі бойындағы тұрғын үй кешенінің аумағында гараж боксында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері 30 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндіріп, өрт аймағынан 5 автокөлік пен бір газ баллонын шығарды.
Зардап шеккендер жоқ.
- Өрттің себебі - пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.